Көлік министрі қисайып кеткен LRT тірегіне қатысты пікір білдірді

LRT, Астана, сапа, қисайған тірек, Марат Қарабаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 19:35 Сурет: видеодан алынды
LRT тірегінің қисайып кеткен желідегі видеосын көрген ел азаматтары бұл құрылыстың сапасына күмәндана бастады. Көлік министрі Марат Қарабаев брифинг барысында бұл ретте қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеодан бетоннан тұрғызылған құрылымның суға белуарынан батып тұрғанын және бір жағына қисайғанын көруге болады. Бұған куә астаналықтар жыры бітпеген құрылыс сапасына күмән келтірді.

"Біріншіден, тіректің неге қисайғанын анықтау керек. Мүмкін тірек толық салынып бітпеген болар. Мүмкін оны соңына дейін әбден құйып алмай, қоя салған шығар", - деді Марат Қарабаев 28 қыркүйектегі брифинг барысында журналистердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету үшін алдын ала бірнеше сараптама жүргізіледі. 

"Қауіпсіздік туралы сөз еткенде, қазақстандық қана емес, шетелдік компаниялар да кепілдік береді. Бұл компания тек Қазақстанда ғана құрылыспен айналыспайды ғой. Әрине, қауіпсіздік - ең басты мәселе. Біз бұл мәселені әрқашан бақылауымызда ұстаймыз. Бірақ бұл тіректердің сапасыз салынғанын білдірмейді. LRT құрылысы бірнеше жыл бойы тұралап қалды.  Яғни, ол толықтай аяқталған жоқ, жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр", – деп сөзін түйіндеді министр.

11 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT-ні уақтылы салып біту маңызды екенін атап өтті. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: