Алматылық азамат тұрғындардан телефон сұрап, қолды қылуды кәсіпке айналдырған
Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полициясы Талдықорған, Шымкент, Тараз қалалары мен Ақтөбе облысында бірқатар алаяқтық пен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.
"Жас жігіттің осы жылдың шілде айында Алматыға ақша табу үшін келгені белгілі болды. Ол қоңырау шалу үшін өтіп бара жатқандардан телефон сұраған. Нөмірлердің комбинациясын теретіндей кейіп танытып, оқиға орнынан кетіп қалған, содан кейін ұялы телефондарды сатып, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Біздің бөлімшенің жедел уәкілдері күдіктіні ұстады. Қазір оның үш алдау дерегіне қатысы бар екені анықталды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді", – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Қазір күдікті қамауға алынды. Ал полицейлер алданғандардың одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Күдіктіні таныған жағдайда тәртіп сақшылары, азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-705-555-77-63 және 8-778-591-91-35. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript