Сауль Альварес-Джермелл Чарло: "Канело" ісіне қайта оралуда
Сауль Альварес (59-2, 39 КО)
"Канело" - соңғы жылдардағы ең үздік боксшылардың бірі. Ол 4 салмақ дәрежесіндегі атақтарын алған, p4p рейтингінің көшбасшысы болған және осы спорт түріндегі мансабы өте әсерлі – Сауль Шейн Мослиді, Остин Траутты, Мигель Коттоны, Амир Ханды, Билли Джо Сондерсті, Калеб Плантты және екі рет Геннадий Головкинді (алайда, бірінші жағдайда төрешілік шешіміне қатысты сұрақтар болған) жеңді . Сонымен қатар, мексикалық спортшының тек Флойд Мейвезер мен Дмитрий Биволдан 2 жеңілісі бар. Бокс Даңқ залының болашақ мүшесі деп айтуға болады.
Саульдің әлсіз тұстары жоқ десек те болады. Мексикалық спортшының ең жоғарғы жекпе-жек IQ -і бар: ол өзінің тактикасын қарсыласына тамаша бейімдей алады. Котто мен Головкинмен болған шайқастағы сияқты, қарсыласының қателіктерін пайдаланып, астарлы шабуылдармен жазалау не болмаса, Плант пен Сондерс сияқты қарсыласқа бүкіл жекпе – жек бойы қысым жасау - рингте "Канело бәріне қабілетті". Бұған нокаут соққысын, алмастай мықты иегін және мінсіз техникасын қоссақ – Альварестің супер орта салмақтағы тәжі өзіне сай екендігін аңғарамыз.
Джермелл Чарло (35-1, 19 КО)
Соңғы жылдардағы ең үздік жартылай орта салмақтағы спортшылардың бірі. Джермелл 2016 жылы Джон Джексонды WBC атағы үшін жекпе-жекте нокаутқа жіберіп, өзінің абсолютті тәжін алған . Бірақ атағын үш рет қорғаған соң, Тони Харрисоннан жеңіліс тапты - алайда, бұл жеңіліс көп дау туғызды, бірақ Чарло тез арада реванш алды. Әрі қарай Джейсон Росарионы нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды - Джермеллдің қоржынына WBA және IBF белдіктері және екі жылдан кейін – Брайан Кастаньомен WBO титулына екі жекпе-жектен кейін абсолютті мәртебе: бірінші жекпе-жек тең есеппен аяқталды, ал екіншісінде Чарло 10-раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.
Чарлоның шайқас жүргізу стилі "Канелоға" өте ұқсас: қарсыластардың соққыларын жақсы бақылайды, соққысы мықты және денесімен жақсы қорғаныс жасай алады. Ал жылдамдық пен ұтқырлықта ол тіпті Саульдан асып түседі, оған қоса төзімділік жағынан еш кем түспейді. Бірақ екі нюанс бар – физикалық күш пен жекпе-жек IQ жағынан Альварес екі саты жоғарыда.
Аналитика мен болжам
Екі боксшы да, өз салмағының патшалары да болса да, "Канело" бұл жерде фаворит болып көрінеді: ол физикалық жағынан едәуір күшті, тәжірибелі, ал Чарло болса, бір жарым жыл бойы рингке шықпаған. Саульдің жеңісіне Parimatch сарапшылары да сенімді: оның коэффициентін 1.26-ға бағаланса, Чарлоға 4.25 ұсынылып отыр. Алайда, бұл жекпе-жекте нокаут болуы екіталай: екі чемпионның соққыға қарсы жақсы иммунитеті бар. Сондықтан сарапшылар жекпе-жек басынан аяғына дейін өтеді деп санайды және осындай нәтижеге 1.45 коэффициентін береді.