Сауль Альварес бокстан әлемнің абсолютті чемпионы атағын кезекті рет қорғап қалды

Жекпе-жек 12 раунд бойына жалғасты және төрешілердің бірауызды шешімімен "Канелоның" пайдасына аяқталды. 7-ші раундта Канэло Чарлоны нокдаунға жіберді, бірақ ол тез есін жиып, жекпе-жек соңына дейін берілмеді.
33 жастағы Сауль Альварес кәсіпқой рингте 60-шы рет (39 нокаут) жеңіске жетіп отыр. Оның мансабында екі жеңіліс, екі тең нәтиже тіркелген.
Джермелл Чарлоның еншісінде – 35 жеңіс (19 нокаут), екі жеңіліс, бір тең нәтиже бар.
Айта кетсек, Лас-Вегаста өткен осы бокс кешінде қазақстандық екі боксшы өнер көрсетті. Бек Нұрмағанбет (10-0, 8КО) нигериялық Абимбола Осундаироны (5-0, 3КО) нокаутпен жеңді. Ал Әбілхан Аманқұлдың (4-0-1, 4KO) америкалық Джошон Джеймспен (7-0-2, 4КО) кездесуі тең ұпаймен аяқталды.