Президент мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы әртүрлі жоғары лауазымды мемлекеттік қызмет атқарған еңбек ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесіп, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты.
Елеусін Сағындықов Президенттің бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформаларға қолдау білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының биылғы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда өңірлердің дамуындағы басымдықтарды айқындауға, сондай-ақ жергілікті және орталық атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript