Қостанай облысында есірткі таратқан екі студент қыз 10 жылға сотталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 00:31 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында колледждің 19 жастағы студенттері есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасының өтініші бойынша сот қарауы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде 300 студенттің қатысуымен өтті.

Екі қызды Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осы жылдың 11 қаңтарында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ұстаған.

Қостанайдағы колледждердің бірінің студенттері есірткіні үйлердің кіреберістерінде, соның ішінде пошта жәшіктерінде жасырған. Тінту кезінде студенттерден ақ түсті ұнтақ заты бар 50 байлам тәркіленді. Кейіннен жалдамалы пәтерді тінту кезінде аса ірі мөлшерде, 192 грамм синтетикалық есірткі — мефедрон табылды және тәркіленді.

Осы фактілер бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") (аса ірі мөлшерде) сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Сот шешімімен сотталушылар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: