Тайваньда тайфун кезінде 190 адам жараланды

Тайваньда тайфун кезінде 190 адам жараланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 16:35 Сурет: pixabay
Тайванның оңтүстігінен "Койну" тайфуны өткенде жағалаудағы елді мекендерде дауыл соғып, жауын құйды. Одан ағаштар құлап, автомашиналар жол шетіне шығып, жарнама баннерлері ұшып кеткен.

Және де кейбір ғимараттар жеңіл-желпі зақымданды.

Соңғы мәліметке қарағанда, 190 адам жараланған. Қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жапон тілінен аударғанда "күшік" деген мағынаны білдіретін "Койну" Тайванның Хэнчун түбегіне сағатына 252 шақырым жылдамдықпен жетіпті. Қазір ол біршама әлсіреп, Қытайдың Гуандун провинциясына тропикалық дауыл дәрежесінде беттеп барады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: