Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын алабында суық су өшіріледі

Алматы, Алматы облысы, Бұқтырма көшесі, суық су, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 11:47 Сурет: Zakon.kz
Алдыңғы аптада Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын алаптарында уақытша суық су өшіріледі. Zakon.kz сайтына "Алматы су" МКК өкілдерінің мәлімдеуінше, бұған жол-көлік айрығын салу жұмыстары себеп болып отыр.

Хабарламада Бұқтырма көшесі мен Құлжа жолы қиылысында жол-көлік айрығын салу жөніндегі жұмыстар шеңберінде үш кезеңде құрылыс орындарының астынан Д-1400 мм, Д-1200 мм су тартқыштарын шығару жұмыстары орындалатыны айтылған.

Бірінші кезең. 9 қазанда сағат 00-00-ден 10 қазанда сағат 22:00-ге дейін мына  тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:

  • Түрксіб ауданы, Қайрат шағын ауданы, "Нұршашқан" шағын ауданы,
  • Медеу ауданы Medey city, Family Comfort ТК;
  • Алматы облысының Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч Востока, Тұздыбастау, Тузусай, Бірлік, Бесағаш кенттері, оның ішінде "Нұрия"; "Достар", "Алма Тау", "Бесағаш", "Hayat Apartaments" "Ashyq Tobe" тұрғын үй кешендері;
  • Құлжа трактінің бойында орналасқан коммерциялық нысандар (тамақтану орындары, базарлар, Автосалондар және т.б. )
  • Атырау -1, 2, 3 шағын ауданында желілеріндегі су қысымының төмендейді

Екінші кезең. 12 қазан сағат 00:00-ден 13 қазан сағат 22:00-ге дейін мына тұтынушылар сусыз қалады:

  • Түрксіб ауданы, Nomad city ТК;
  • Медеу ауданы Medey city, Family Comfort ТК;
  • Алматы облысының Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч Востока, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш кенттері, оның ішінде "Нұрия", "Достар", "Алма Тау","Бесағаш", "Hayat Apartaments", "Ashyq Tobe"тұрғын үй кешендері;
  • Құлжа трактінің бойында орналасқан коммерциялық нысандар (тамақтану орындары, базарлар, Автосалондар және т.б. )
  • Атырау -1, 2, 3 шағын ауданында желілеріндегі су қысымының төмендейді

Жұмыстың соңғы 3-кезеңін орындау шеңберінде 16 қазан сағат 00:00-ден 17 қазан сағат 22:00-ге дейін сумен жабдықтау мынадай мекен-жайлар бойынша болмайды:

  • Түрксіб ауданы, "Нұршашқан" шағын ауданы, Nomad city ТК;
  • Алматы облысы, Талғар ауданы "Аспан Сити" ТК

Кеше Алматыда Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісі қилысындағы жолайрығы бойынша 4 жолақты қозғалысы бар Бұқтырма көшесінің тоннелді бөлігі ашылды. Жоба Бұқтырма көшесі бойымен автокөліктің өту қабілетін 15%-ға, Құлжа тас жолы бойынша 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде осы жоба аясында Құлжа трактісі бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бұқтырма көшесіндегі тоннель бөлікті, съездер мен түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды, ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады. Сондай-ақ, су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы көлік айрығының құрылысын толық аяқтау ағымдағы жылдың қазан айының соңына жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: