Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрі Атыраудағы ірі кен орындарындағы жобаларды жүзеге асыру барысына тоқталды

Энергетика министрі Атырау облысының тұрғындарына ірі кен орындарында жобаларды іске асыру туралы есеп берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 21:58 Сурет: gov.kz
ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Атырау облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан отын-энергетикалық кешен саласындағы жобалар туралы хабардар етті және тұрғындарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы еліміздің мұнай-газ саласындағы көшбасшы болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысында 46,8 млн. тонна мұнай өндірілді. Осы жылдың 9 айында мұнай өндіру көлемі 39,2 млн. тоннаны құрады. 2023 жылға арналған жоспар 51 млн. тонна көлемінде.

Қазіргі уақытта еліміздің үш негізгі кен орнында ірі жобалар іске асырылуда. Теңіз кен орнында Келешекте кеңейту жобасы іске асырылып жатыр.

2024 жылы Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын аяқтау жоспарланып отыр, бұл мұнай өндіруді жылына 12 млн.тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қарашығанақ кен орнында 4-ші газды кері айдау компрессоры іске қосылды, 5-ші компрессорды іске асыру басталды. Оның құны шамамен 1 млрд.

АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар 735 млн. АҚШ доллары сомасына 6-шы компрессорды да салу басталды. Бұл жобалар кен орнында өндіруді жылына

10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға бағытталған.

Қашағанда қуаты 1 млрд.м3 ілеспе газды қайта өңдеу бойынша жобаны іске асыру басталды. Қуаты 2-ден 6 млрд.м3 дейін болатын Қашаған газ өңдеу зауытын салу жобасы (2А-2Б фазасы) бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Сонымен бірге Министр халықты ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ ЖЖМ нарығын үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі қадамдар туралы хабардар етті.

Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, қазір үш МӨЗ-де аварияны төмендету бойынша жоспарлар, сондай-ақ сыртқы электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін Атырау МӨЗ-де "Газ турбиналық станция салу" жобасы жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ министр тұрғындарға өңірді сенімді электрмен жабдықтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсініктеме берді. Қазіргі таңда

"KEGOC" АҚ инвестициялық бағдарлама шеңберінде "ҚР БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу" жобасын бастады. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2023 жылдар. Бұл жоба Атырау облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың өткізу қабілеті мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: