СҚО-да полицейлер өрттен зардап шеккендерді жедел түрде ауруханаға жеткізді
СҚО аумағында трал-алаң көп тонналық агрегаттың салмағына төтеп бере алмады. Бұзылған жерді жөндеу үшін автокран қажет болды. Полиция жергілікті кәсіпорындарға жүгінді, бірақ жеткілікті қуатты көтергіш бірден табылмады.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары трал алаңын қайта дәнекерлеген мамандарды табуға көмектесті. Ресей азаматы оларға және оған көмектескен барлық солтүстікқазақстандықтарға шын жүректен алғыс айтты. Ал қыркүйек айының басында ППБ қызметінің инспекторлары Ратбек Кисамиденов пен Әсет Құсақаев сағат 00:01 шамасында Тайынша ауданы Краснокиевка ауылында өртті байқап қалды.
Олар дереу өрт орнына барды. Жергілікті тұрғындар өртеніп жатқан үйден екі адамды шығарып үлгерді. Оқиға орнында болған медбике зардап шеккендерді аудан орталығына жедел жеткізу керектігін айтты. Олардың бірін Әсет Құсақаев патрульдік автокөлікпен алып кетті. Ратбек Кисамиденов екінші азаматты тасымалдауға келіскен ауыл тұрғынын тапты. Ратбектің өзі өрт сөндірушілер келгенге дейін және өртті жойғанға дейін құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ауылда қалды.
"Батальонның жауапкершілік аймағында — облыс аумағында 1347 км халықаралық және республикалық жолдар бар. Оларға күн сайын екі ауысымда 64 қызметкер қызмет көрсетеді. Кезекшілік барысында қызмет инспекторлары түрлі оқиғаларға тап болады. Олардың міндеті – жәрдем көрсету, автожолдарда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту", – дейді СҚО ПД ППБ командирі Валихан Оразалин.