Маңғыстауда жұмыртқа қымбаттады

Маңғыстауда жұмыртқа қымбаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 17:09 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстауда тауық жұмыртқасы күрт қымбаттады. Бұған дейін 1 жұмыртқа 45 теңге болса, қазір 55-60 теңге тұрады.

Мамандардың айтуынша, Ресейден келетін импорт төмендеген. Соған байланысты өндірушілер тауардың өзіндік құнын көтерді, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаз мезгілінде жұмыртқаға сұраныс төмендеп, өндірушілер шығынды азайту үшін, тауықты етке жібереді.

Ал күн суыта сұраныс қайта артып, фабрикалар шығындарын өтеу үшін, өнімнің өзіндік құнын өсіреді.

Аймақта тауық жұмыртқасының бағасын ұстап тұру мақсатында, "айналым механизмі" іске қосылмақ.

Ол үшін құс фабрикаларымен өнімді белгіленген бағамен сату туралы келіссөздер жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: