Түркістан облысында әйелді мешіттен қуып жіберді
Сурет: видеодан скриншот
Түркістан облысында мешіт қызметкері әйелді есіктен кіргізбей, тазалықшы киімін киген келіншекке сөгіс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде мешіт қызметкерінің тазалық киімін киген әйелге айқайлап, кейін ғимаратқа кіргізбей, "кет" деп жатқаны түсірілген видео тарап кетті, деп хабарлайды Отырар.
Белгілі болғандай, ер адам имам емес, тек мешітте жұмыс істеп, ондағы тазалықты қадағалайды. Оның өзі түсіндіргендей, мұндай әрекетке бір күн бұрын "жұмысшылар үнемі дәретханаға барып, артынан қоқыс тастап, ластап кеткені түрткі болған. Сондықтан қызметкер мұндай әрекетке шыдай алмаған", - деп жазады басылым.
Осыдан екі апта бұрын намаз кезінде баланы қағып кеткен имам тергеуден кейін жұмыстан босатылғаны белгілі болды. ҚМДБ дін қызметкерінің әрекетін "өрескел бұзушылық" деп атады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript