Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында ауыл құм құрсауында қалды

Ақтөбе облысында ауыл құм құрсауында қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 15:09 Сурет: pixabay
Құм құрсауындағы ауыл. Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Жылтыр ауылын құм баса бастаған. Елдімекеннің шетіндегі қоралар мен сарайлар құмға көміліп жатыр.

Тұрғындар бұған дейін өз күштерімін ауылды жағалай ағаш отырғызып көрген. Алайда, одан нәтиже болмады, деп жазады qazaqstan.tv.

Айтуларынша, құмды тазарту үшін қыруар қаржыға техника шақыртуға мәжбүр. Сондықтан әкімдік тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылса дейді.

Жалпы Ақтөбе облысындағы 19 ауылға құм көшкінінен қауіп бар.

Былтыр Ырғыз ауданының Жарма ауылындағы құм көшкінін тоқтату үшін 119 миллион теңге бөлінді.

11 гектар аумақ қамыспен қоршалды. Бұл тәжірибе өзге елдімекендерге де қолданылады.

"Қазіргі таңда Жылтыр ауылында құм тоқтату жұмысы үшін 2 скважина қазылды, 5 метрден су шықты. Бұл еккен талды суару үшін. 2024 жылы сол жерге 35 мың түп сексеуіл егеміз. Жоспарды орындауға тиісмпіз, орындаймыз. Одан басқа қарағаш та егіледі. Көңіл бөлінетін болады, жұмыс істелінетін болады." Сәбит Дүйсекенов, облыстық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: