Ақтөбе облысында жол апаты орын алып, әйел адам қаза тапты
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Ақтөбе облысы Шалқар - Бозой тас жолындағы жол апатынан әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 қаңтарда сағат 06:30-да УАЗ көлігінің 46 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Шалқар - Бозой тас жолынан ұшып кетіп, жыраға аударылған, деп жазады Polisia.kz-ның Telegram арнасы.
Жол апаты салдарынан жүргізушінің 45 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды
Ақтөбе облысы ПД ауа райының күрт нашарлауына және жолдардағы көктайғаққа байланысты елдімекендерден тыс жерлерге, алыс сапарларға шықпауды ескертеді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript