Астанадағы Ұлы Дала даңғылы бойындағы жаңа көпірдегі жөндеу жұмысы қашан аяқталады

Астана, Ұлы Дала даңғылы, көпір, жөндеу жұмысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 15:44 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бүгін, 2023 жылғы 16 қазанда елорда тұрғындары мен қонақтарына Ұлы Дала даңғылының бойындағы жаңа көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның ақпараттық хабарламасы Instagram желісінде жарияланды.

"Ұлы Дала даңғылындағы көпірде деформациялық тігісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске саламыз. Осыған байланысты автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылды. Жұмыстар ағымдағы жылдың 17 қазанына дейін ұзартылады, бұл шара уәкілетті органмен Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен келісіледі", – делінген хабарламада.

Басқарма көпірдің бір жағымен қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылғанын атап өтті.

"Жұмыстарды кепілдік міндеттемелер шеңберінде мердігер жүргізеді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – дейді Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: