Қостанай облысының тұрғыны бір айда 9 көлікті ұрлаған

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 17:59 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысындағы Тобыл қаласының тұрғыны бір айда 9 көлікті ұрлаған.

Қолды болған көліктердің бәрі ВАЗ маркалы және Ресейде есепте тұрған. 28 жастағы күдікті оларды бөлшектеп сатуға әрекеттеніпті.

1 көлікті Рудный қаласынан, қалған сегізін облыс орталығында, аулада тұрған жерінен алып кеткен.

Осы оқиға бойынша Қалмыстық Кодекстің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: