Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында "Салбурын" құсбегілер сайысы мәресіне жетті

Алматы облысында құсбегіліктен сайыс өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 17:31 Сурет: pixabay
12-15 қазан аралығында Алматы облысы, Кеген ауданында атақты бүркітші Сәрсенбек Дәулетбақовты еске алуға арналған құсбегілер арасында "Салбурын" атты халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бекзада өнердің бәсін жоғарыдан таныту үшін сайысқа Қазақстанның 14 өңірінен 56 спортшы және Түркия, Моңғолия, Қытай, Португалия, Қырғызстан елдерінен саятшылар жиналды.

Алматы облысында құсбегіліктен сайыс өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 17:31

Сурет: Нұртөре Жұмағұл

Жарыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқыда құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі сыналып, қырандарды еркін ұшырып, шырғаға қондырса, финалдық кезеңде құстарды қоян мен түлкіге салды.

Нәтижесінде, Жамбыл облысының тумасы Бабажан Берікболсынның "Қоймас" атты қаршығасы 1-ші орынды иеленіп, қанжығаны майлады.

Ал, бүркітшілер арасында елорда тұрғыны Күнтуған Серікбектің асығы алшысынан түсіп, "Алғыр" атты бүркіті бірінші орынды иеленді.

Алматы облысында құсбегіліктен сайыс өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 17:31

Сурет: Нұртөре Жұмағұл

Расы керек, тәуелсіздік алғалы құсбегіліктің тамырына қан жүгірді. Қазақ халқының тектілігін, жігіттерінің серілігі мен жүректілігін танытатын бұл өнер аса білгірлік пен мықтылық, қырандай қырағылықты талап етеді. Сондықтанда алаш елінің асыл дәстүрін, мәдениетін дамытуда бұл өнердің тұғыры биік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: