Жаңалықтар тізбегі
0

Digital Bridge 2023: адами және жасанды интеллект үйлесімі туралы диалогқа 30 елден 30 мың адам қатысты

Digital Bridge 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 22:30 Сурет: Digital Bridge 2023
Digital Bridge 2023 халықаралық IT-форумы алаңына 30 мыңнан астам қатысушы, оның ішінде 30 елден келген делегация, 300-ден астам IT-компания өкілі, 450 спикер, 100-ден астам инвестор мен бизнес-періштелер, сондай-ақ 150-ден астам стартап жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance. Дәстүр бойынша Digital Bridge 2023 форумының ашылуы пленарлық отырыс форматында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, әлемдік компаниялар көшбасшыларының, сондай-ақ халықаралық және отандық ІТ-қауымдастық сарапшыларының, өңірдің түкпір-түкпірінен келген венчурлық инвесторлардың қатысуымен өтті.

Пленарлық отырыста сонымен қатар: венчурлық инвестор, Draper Fisher Jurvetson тең құрылтайшысы, Дрейпер университетінің негізін қалаушы Тим Дрейпер; TikTok бас директоры Шоу Чу; Digital Nomads және Silkroad Innovation Hub қауымдастығының негізін қалаушы Әсет Әбдуалиев, ICPC қорының атқарушы директоры Уильям Паучер, SpaceX Starlink компаниясының вице-президенті Лорен Дрейер, Arbuz, Aviata, Pinemelon USA және Ticketon онлайн сервистерінің негізін қалаушы Алексей Ли сөз алды. Сессияға сценарийші, продюсер, Barrat Media директоры Джеймс Баррат модераторлық етті.

Digital Bridge Awards 2023 жеңімпаздарына жүлдені ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов табыс етті. Бұл марапатқа қатысу үшін Қазақстан, Пәкістан, Сингапур, Моңғолия, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және АҚШ-тан 337 өтініш түсті. Биыл цифрландыру саласының үздіктері жеті аталым бойынша анықталды. Үздік шыққандар: EPAM Казахстан, Ozim Platform, Alem.school, Limon.KG, Kolesa group, Big Sky Capital, Zypl.ai.

"Форум шетелдік инвестициялар мен ірі халықаралық компанияларды тарта  отырып, Қазақстанда IT-саланың дамуына белсенді ықпал етеді, бұл өз кезегінде елдің IT саласындағы экономикалық статистикасына оң әсер етеді".  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Digital Bridge 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 22:30

Сурет: Digital Bridge 2023

Digital Bridge 2023 форумында болған тағы бір ерекше оқиға – стартаптар туралы Meet the Drapers реалити-шоуының түсірілімі. Биыл олар Орталық Еуразияда алғаш рет түсірілім жасады. Алдын ала іріктеуден өткен төрт қазақстандық стартап өз жобаларын ұсынып, олардың біреуі ғана байқаудың жартылай финалына шықты. Алайда конкурстың шарты бойынша 1 миллион доллар көлеміндегі инвестицияны алу мүмкіндігі үшін Қазақстаннан нақты қай стартап жарысқа қатысатыны туралы ақпаратты әзірше жариялауға болмайды.

Сондай-ақ форумда алғаш рет Google for Startups саммиті өтті. Google for Startups акселерация бағдарламасына қатысушы компанияның серіктес 15 елінің өкілдері Қазақстанға келіп, сараптамалық іс-шарасын өткізді. Бұл кездесу Silkway Accelerator аясындағы Google for Startups пен Astana Hub арасындағы табысты ынтымақтастықтың әрі қарайғы дамуын  айқындай түсті. Айта кетейік, бұл бағдарламадан 37 стартап өтті, олардың жалпы құны 400 миллион долларды құрады.

Pitching Zone-да, сондай-ақ VC, стартаптар мен компаниялар көрмелерінде IT-кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынып, жетістіктері мен жоспарлары туралы әңгімеледі, түрлі салалардағы ірі корпорациялардың өкілдерінің пікірін біліп, ынтымақтасу мүмкіндігін талқылады. Форум алаңында ғана емес, метағаламда да өткен вакансиялар жәрмеңкесінде 20 ірі компания 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Осылайша ниет білдіргендерге әлемнің кез келген жерінен жәрмеңкеге онлайн қатысу мүмкіндігі берілді.

Digital Bridge 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 22:30

Сурет: Digital Bridge 2023

Робототехника аймағында мектеп оқушылары мен студенттердің ауыл шаруашылығы, аэроғарыш құрылысы және киберқауіпсіздік салаларындағы инженерлік-техникалық жобалары ұсынылды. Сонымен қатар, FIRST әлемдік қозғалысының чемпиондары роботтар шайқасында және Drone Racing ұшқышсыз аппарат ұшыру жарысында бақ сынады. Форумға келушілер былтыр Швейцарияда және биыл Сингапурде өткен робототехникадан әлем чемпионаты – International FIRST Global Challenge 2023 чемпиондарымен сөйлесу мүмкіндігіне ие болды. Олар 190 елдің командалары арасында үздік деп танылған біздің чемпиондардың жобаларын тамашалай алды.

"Біз барлық қатысушыға, қонаққа, спикерге, әсіресе демеушілерге қолдауы мен экожүйені дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл форум - өңірдегі технологиялық кәсіпкерлікті дамытудағы, сондай-ақ отандық стартап мәдениетін насихаттаудағы және экожүйеге жаңа қатысушыларды табудағы негізгі миссиямыздың бірі. Біз форумды ұйымдастыруға атсалысқандардың бәрін Орталық Азиядағы ең ірі IT форумының сәтті өтуімен құттықтаймыз және инновациялар мен стартаптар әлемінде жаңа жетістіктер күтеміз. Digital Bridge 2024 форумында кездескенше!". Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев

Digital Bridge 2023 әлемге әйгілі диджей және Grammy сыйлығының иегері Imanbek сахнаны «жандырған» кезде нағыз музыка оқиғасына айналды. Оның әлемдік аренадағы өнері мен табыс тарихы форум қатысушыларын  таңқалдырып,  шабыттандырғаны сөзсіз.

Digital Bridge 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 22:30

Сурет: Digital Bridge 2023

Еске салайық, 12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі   IT-форум - Digital Bridge 2023 өтті. Форумның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші - Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер - Freedom bank, Visa, Yandex, Citix, Ozon, ТТС, Halyk, Eurasian bank, BI Group, Allur, Bereke bank, Huawei, Mycar, Kazakhtelecom, Kcell, Tele2, Altel, Beeline, ҚазМұнайГаз, Qazaqgaz, Битрикс 24, QIC, KDSS, 7Generation, Binance. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: