Кентау жылу электр орталығын жөндеу: Әлихан Смайылов жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен жеке танысты

Кентау жылу электр орталығын жөндеу: Әлихан Смайылов жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен жеке танысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 17:14 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Кентау жылу электр орталығында болып, оның жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кентау ЖЭО 3 мыңнан астам нысанды, соның ішінде көпқабатты және жеке тұрғын үйлерді, коммерциялық және бюджеттік ұйымдарды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда соңғы 10 жылда алғаш рет жүргізілген 6 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.


"Бүгінгі күні төрт қазандық толығымен дайын. Қалада жылу беру маусымы жоспарланғандай 1 қарашада басталуы керек. Сонымен қатар, тағы екі қазандық күрделі жөндеуден өтеді, бұл да ЖЭО тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді", - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр облыс әкімдігіне жылу беру маусымын ойдағыдай аяқтау үшін барлық құрал-жабдықтарды қажетті іске қосуды жылдам әрі сапалы жүргізуді тапсырды.

Бұған дейін Әлихан Смайылов өңірде жаңа көпсалалы аурухана мен индустриялық парк құрылысының қалай жүріп жатқанын тексерді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: