Қазақстанда 5600-ге жуық азамат банкрот деп танылды

5600-ге жуық азамат банкрот деп танылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 15:37 Сурет: Zakon.kz
Елімізде 5600-ге жуық азамат банкрот деп танылды. Мұны Үкімет басшысының орынбасары, әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламенттік тыңдауда айтты.

Жалпы, жеке тұлғаларды банкрот деп тану бойынша осы жылдың 3 наурызынан бастап 68 мыңнан астам өтініш түскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Келіп түскен өтініштердің 55 мыңы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды.

Олардың негізгі себептері: мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу.

Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгініп, 35-тен астам банкроттыққа қатысты шешім шығарылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: