Жаңалықтар тізбегі
0

Сарапшылар Волкановскидің Махачевке күші келмейтіндігін мәлімдеді

Париматч сарапшысы болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 16:42 Сурет: parimatch.kz
"Этихад Аренадағы" турнир біздің назарымызға тұрарлық екені анық.

Титулдық реванш, екі үздік балуанның жекпе – жегі және танымалдығы артып келе жатқан жұлдыздар - осының бәрі бізді 21 қазанда күтеді. Parimatch сарапшыларымен UFC 294-тің басты жекпе-жектерін талқылайық.

Жыл реваншы

Бастапқыда Ислам Махачев (24-1) жеңіл салмақтағы атағын Чарльз Оливейрадан (34-9) қорғауы керек еді, дәл сол бір жыл бұрын белбеуін тартып алған еді. Бірақ содан кейін бразилиялық спортшы жарақат алып, оның орнына Алекс Волкановски келді (26-2) – наурызда жеңіл салмақтағы чемпион Махачевпен шайқасып, жақын жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Ислам мен Алекс - жоғары деңгейдегі спортшылар және өз салмақ дәрежесіне лайықты патшалары. Бірақ соңғы реттегідей, Махачев фаворит болып көрінеді: оның дене бітімі үлкенірек, физикалық жағынан мықтырақ және грэпплингте қарсыласына қарағанда әлдеқайда жақсы. Parimatch сарапшылары Волкановскиге 3.40 ұсынса, оған 1.35 беріп отыр. Бірақ аталған жағдай Алексті ұрып-соғып тастай салатын бала етпейді: оның жақсы боксы, мықты лоу-киктері бар және қашықтықты керемет сезіне алады. Олай болса, жеңіске жету үшін ол соққы техникасына сүйенуі керек: Алекстің нокаутқа түсурі мүмкіндігі 5.70 –ке, ал жеңіске төрешілер шешімімен жетуі 7.00-ге бағаланады.

Спортшылардың алаңдағы қақтығысы

Хамзат Чимаев (12-0) та қарсыласын шұғыл іздеуге мәжбүр болды: Бразилиялық нокаутшы Пауло Коста (14-2) инфекцияға байланысты UFC 294 кардынан шығарылды. Ауысымға лайықты спортшы таңдалды: жартылай орта салмақтағы экс-чемпион Камару Усман (20-3) Хамзатпен шайқасқа түсетін болды.

Екі спортшының да шайқас жүргізу стильдері ұқсас: жақсы боксы бар балуандар. Бірақ қаны ыстық болып тұрған жас, әрі дене күші басымдылығының арқасында сарапшылар Чимаевты фаворит көреді: Усманға 3.30 коффициенті берілсе, оған 1.33 ұсынылған. Бірақ Акамарудың бір артықшылығы бар: ол 5 раунд бойы төзімділігін жоғалтпайды, ал Хамзатты біз мұндай қашықтықта ешқашан көрген емеспіз. Сонымен, "Викингке" жеңіске жету үшін нокаут қажет – мұндай нәтиже 2.80-ге теңестірілген.

Халық чемпионының оралуы

UFC 294-те жанкүйерлер Ян Блаховичпен (29-10) өткен даулы тең есепті шайқастан кейін ринге шықпаған Магомед Анкалаевты (17-1) қайта көре алады. Жанкүйерлер де, сарапшылар да Магомедтің бұл жекпе-жекте жеңіп, жеңіл салмақтағы титулды алу керектігімен келіседі. Енді оны әйгілі нокаутшы Джонни Уокермен (21-7) жаңа сынақ күтіп тұр.

Анкалаев бұл шайқастың айқын фавориті ретінде көрінеді: ол күресті жақсы жүргізеді, тұрыстағы шайқаста керемет, оған қоса одан да жоғары деңгейдегі жекпе-жектер өткізген болатын. Parimatch сарапшылары да сондай ойда: Уокерге 4.50, ал оған 1.18 коэффициенті ұсынылған. Алайда, күш пен соққыда Джонни Магомедтен еш кем түспейді: Бразилиялық спортшы өзінің жарқын нокауттарымен танымал. Яғни, бұл жекпе-жекте қарсыластардың біреуі нокаутқа кететіні анық: сарапшылар мұндай нәтижеге 1.60, 1.90 – Анкалаевтың нокаутына, 6.50 – Уокердің нокаутына ұсынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: