Ақтауда автобус аялдамасында әйнек есікті сындырған жасөспірімді полицейлер іздестіріп жатыр

әйнек, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2023 17:53 Сурет: видео скрині
Ақтаудағы Мұнайлы ауданында түнде жасөспірім қоғамдық көлік аялдамасында әйнек есікті сындырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лада"-ның хабарлауынша, жігіт жүгіріп келе жатып есікті теуіп, қашып кеткен. Оның қасындағы болған жолдасы мұны видеоға түсіріп алған. Видео екі күн бұрын түсірілген болуы мүмкін.

Облыстық полиция департаменті құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәмелетке толмаған бұзақылардың жеке басын анықтап жатқанын хабарлады. Бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: