Әлемнің ең үздік шахматшысын ұтқан Әлішер Сүлейменов Павлодарда жүр

Әлішер Сүлейменов, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2023 14:00 Сурет: pavlodarnews.kz
Дохада өткен халықаралық турнирде әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді ұтқан павлодарлық Әлішер Сүлейменовті жұртшылық әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Аттың Ж5 жүрісінен кейін Карлсенді ұта ала алатынымды сездім, Магнус болса, бұл жүрісімді аңдамай қалды. Бұл жағдай оның көңіліне жақпағаны бірден сезілді. Мен болсам, өз-өзіме сене бастадым. Матчтың алдында тең түссем деп армандаған мен енді мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырыстым". Әлішер Сүлейменов

23 жасар павлодарлықтың айтуынша, қазіргі кезде елімізде шахматты дамытудың нағыз шағы туып тұр. 

Бүгін Әлішер Сүлейменов облыс орталығында өтетін халықаралық Pavlodar Open турниріне қатысады.

Шахмат турнирі 21-31 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 20 мемлекет тіркелген, 200-ден астам спортшы қатысады. Турнирдің жүлде қоры – 23 млн теңге.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Әлішер Сүлейменов сенсация жасап, әлемнің ең үздік шахматшысын жеңгенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: