СІМ Газа секторында Қазақстан азаматының қаза тапқанын хабарлады
Сурет: pixabay
Сыртқы істер министрлігі Газа секторында Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің хабарлауынша, 2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды.
"Өкінішке қарай, онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қайтыс болды. Отандасымыз Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрды".Сыртқы істер министрлігі
Еске салайық, бұған дейін Сыртқыт істер министрлігі Газа секторында Қазақстанның 67 азаматы, отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден астам адам бар екенін хабарлаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript