Алматыда жол жүру ережесін өрескел бұзған көлік кортежі анықталды

13 қазанда сағат 02.00 шамасында жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының патрульдік жасағы Достық даңғылында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып келе жатқан көліктерді байқады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Содан құқық бұзушылардың жолына тосқауыл қойылды.
Олардың әрқайсына әкімшілік хаттамалар толтырылды:
- BMW M3 көлігінің жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі бойынша алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабы 1-бөлігі бойынша Hyundai көлігінің жүргізушісі 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалады;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 2-бөлігі бойынша Lexus және BMW M 4 көліктің жүргізушілері 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. BMW M 4 көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-бөлігі бойынша Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігі көлігінің Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі 5 АЕК көлемінде айыппұл арқалады;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы 1-бөлігі бойынша BMW M6, Mercedes-Benz E63, Mercedes-Benz AMG63S көліктердің жүргізушілеріне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 594-бабы 1-бөлігі бойынша Mercedes-Benz E63S көлігінің жүргізушісі 3 АЕК көлемінде айыппұл арқалады;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 5-бөлігі бойынша Porsche 911 Carrera GTS автокөлігінің жүргізушісі 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 2-бөлігі Porsche 911 Carrera GTS автокөлігінің жүргізушісі 20 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript