Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысында big bag шығаратын зауыт ашылды

зауыт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 12:02 Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Оралда облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен қуаттылығы жылына 5 млн. бірлік болатын жүктерге арналған big bag өндіретін зауыттың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өндіріс құруға 3 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция бөлінген. Зауыттың ашылуы облыстағы өнеркәсіп өнімі мен экспорт көлемін ұлғайтып қана қоймай, салық базасын ұлғайтып, 100-ден астам жұмыс орнын ашуға, сол арқылы облыс тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

зауыт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 12:02

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекет экономикасын дамыту үшін инвестиция тартуды қамтамасыз етуді тапсырды. Осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерімізді салуға тырысамыз. Өткен жылмен салыстырғанда облысқа инвестиция тарту 27 пайызға артып, 430 миллиард теңгені құраған. Жыл соңына дейін негізгі капиталға инвестиция көлемі 600 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады. Бүгін біз облыста жаңа big bag шығаратын зауыт аштық. Жұмысты бастамас бұрын зауыт басшылығының алдына зауытты Батыс Қазақстан облысы аумағында тіркеу, жергілікті кадрларды оқыту және жұмысқа орналастыру, жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайлары мен лайықты еңбекақы төлеу секілді үш шарт қойылды. Зауыт қазірдің өзінде еліміздің басқа аймақтарына және ЕО-ның 20-дан астам елдеріне экспорттау үшін өз өнімдерін шығара бастады", - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
зауыт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 12:02

Сурет: Zakon.kz

Зауытта сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін жаңа заманауи жабдықтар орнатылған. Алғашқы өнім Еуроодақ елдері мен Ресейге экспортқа жөнелтіліп, қазіргі күнде Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Зауыттың жобалық қуаты жылына 5 миллион big bag пен 60 мың вагон лайнерін құрайды. Компания Қазақстан мен Еуропа елдерінің өнеркәсіптік кәсіпорындары мен логистикалық компанияларына полимерлі қаптамаларды жеткізеді. Негізгі клиенттері – химия кәсіпорындары, минералды тыңайтқыштарды өндірушілер, ауылшаруашылық холдингтері, орауыш дистрибьюторлар, орау терминалдары, цемент және тұз өндірушілер болып табылады. Зауытта барлық стандарттар мен мемлекеттік бағдарламаларға, оның ішінде экспортты дамытуға сай келетін заманауи қондырғылар орнатылған. Компанияның өнімдерін сатып алуға дайын Норвегия мен Польшадан әлеуетті тұтынушылар бар.

зауыт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 12:02

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы атап өткендей, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін ауыл шаруашылығы саласына, өнеркәсіптік өндіріске, ет өңдеуге, құрылыс материалдарын өндіруге инвесторлар тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір өңірде өз кәсіпорынын ашуға дайын бірнеше инвестициялық компаниялар бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: