Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраулық полицейлер 100 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі

балық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 01:11 Сурет: видео скрині
Атыраулық полицейлер ауыл тұрғынынан 100 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 қазан күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сатып, тасымалдаған Дамбы ауылының 1975 жылы туған тұрғынын анықтады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 96,3 келі болатын 27 бекіре тұқымдас балықтары тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: