СҚО-да полицейлер 2 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіледі

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 15:15 Фото: Zakon.kz
СҚО-ның Аққайың ауданында полицейлер 2 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіледі.

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Аққайың ауданындағы елдімекендердің бірінде полиция қызметкерлері 1,9 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі.

Есірткі 40 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен табылды. Сонымен қатар полицейлер одан есірткі тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғыны тәркіледі. Ер адам жабайы қарасораны жинап, кептіріп, жеке тұтыну үшін сақтағанын айтты. Өз кінәсін мойындады.

Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен сотқа жолданды. Бұл – жалғыз дерек емес. Жыл басынан бері Аққайың ауданында есірткіні ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша үш қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Заңсыз айналымнан барлығы 19,6 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Бұдан бөлек, синтетикалық есірткі затын өткізуге қатысты бір дерек тіркеліп, одан 5,2 грамм есірткі тәркіленді.

Полиция заңсыз есірткі заттарын сатып алу, сақтау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Есірткі сақталатын орындар мен оны тарату арналарына қатысты профилактикалық және жедел жұмыстар жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: