СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен екі қап марихуана тәркіледі

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 14:50 Сурет: polisia.kz
Солтүстікқазақстандық полицейлер Аққайың ауданының 55 жастағы тұрғынының үйінен екі қап кептірілген марихуана тәркіледі. Ер адам маскүнем ретінде есепте тұр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ас үйдегі газды плитаның артында өсімдік тектес зат салынған екі қап анықталып, тәркіленді. Оның жалпы салмағы 8 келі 910 грамм болады.

Күдіктінің айтуынша, алкогольдің орнына жабайы қарақурайды пайдалану үшін ірі мөлшерде сақтап келген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

"Есірткіні өткізу фактілері және құрамында есірткі бар заттарды өсіру деректері болған-болмағанын анықтау үшін барлық мән-жайлар тексеріледі. Жылдың басынан облысымызда 59 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, заңсыз айналымнан 15 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп алынды".Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: