Шығыс Қазақстанда мемлекетке 90 мың гектар жер өткізілген

Шығыс Қазақстанда мемлекетке 90 мың гектар жер өткізілген, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 09:56 Сурет: freepik
Шығыс Қазақстан облысында игерілмеген алқаптарды шаруалар өздері қайтарып жатыр.

Соңғы 3 айда мемлекет меншігіне 90 мың гектар жер өткізілген. Осы жазда Самар ауданында 18 мың, Тарбағатайда 20 мың гектар жердің қараусыз жатқаны анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Басым бөлігі жайылым алқаптары. Қазір аймақтағы шаруаларға 80 мың гектар жайылым керек. Өрісті кеңейту үшін орман шаруашылығына тиесілі жерге мал бағуға рұқсат етілген.

"Үкіметке 1997 гектар жер өткіздік. Мынадай табиғатымыз бар, жайылым жер бар, егістік жері бар, бұндай жерлер бос жатпауы керек. Еліміз үшін халқымыз жұмыс істеу керек ." Марат Құмаров, шаруа қожалығының жетекшісі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: