Таразда сәби саудалағандар сотталды

Таразда сәби саудалағандар сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 17:58 Сурет: pixabay
Жаңа туған сәбиді саудалағандар сотталды. Таразда перзентхананың екі акушері нәрестені 1,5 млн теңгеге сатқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың қылмыстық әрекеті биыл қаңтар айында анықталған еді.

Еске салайық, былтыр қарашада жақындарынан жүктілігін жасырғысы келген 35 жастағы әйел түсік жасатпақ болып, перзентханаға барған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда шаранаға 7 ай болғандықтан акушерлер райынан қайтарып, баланы басқа біреуге беруге көндіреді. Баласынан бас тартқан ана бірден келіседі.

Бірақ медицина мамандары сәбиді сатпақ болып, өз пайдасын ойлаған. Тоғыз ай толғанда босандырып алып, баласы жоқ отбасыға 1,5 млн теңгеге бере салады.

Қылмыс үстінде ұсталғандар "кәмелетке толмағандардың саудасы" бабы бойынша жаза арқалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: