Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жаңа көше ашылды

Астана, Анадолы көшесі, жаңа көше, елорда, Түркия, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2023 12:58 Сурет: gov.kz
Астанада Түркия Республикасының жарияланғанына 100 жыл толуына орай Анадолы көшесі салтанатты түрде ашылды. Бұл жөнінде елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Есіл ауданының әкімшілігі және түркиялық дипломаттар қатысты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары, Түркия дипломаттары, Астана, Анадолы көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2023 12:58

Сурет: gov.kz

"Бұл екі мемлекет арасындағы байланысты тереңдетуге ықпал ететін маңызды бастама. Биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толды және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы мерейтойға орай Анадолы көшесінің атауын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Түркия Қазақстанның саяси, сауда, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы сенімді серіктесі болып саналады. Түркия Қазақстанды тәуелсіздігімен құттықтаған алғашқы ел және екіжақты қарым-қатынас орнатқан бірінші мемлекет екені ел есінде. Біздің ата-бабаларымыздың анты орындалды, енді Түркия мен Қазақстан арасында жылы және достық қарым-қатынас орнады. Анкарада Қазақстанның атымен аталған көше бар, сол сияқты өткен жылы біз осы қалада халық ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш аштық, Ыстамбұлда Абай мүсіні де орнатылды. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың басқа да көптеген түрлері бар. Анадолы көшесінің ашылуы осы жақсы дәстүрдің жалғасы болып саналады және біз мұндай іс-шаралар үнемі жалғасатынына сенімдіміз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас нығая берсін", – деп атап өтті Есет Байкен.

Көшенің ашылу салтанатында Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу құттықтау сөз сөйледі. Оның айтуынша, Түркия мен Қазақстан – Еуразияның әр түкпірінде орналасқан екі мемлекет болса да, айтарлықтай алыс жатқанына қарамастан, ортақ қасиеттері бар. Осы ортақ белгілердің ішінде тілдік, мәдени және діни бірлікті ерекше атап өтуге болады.

Астана қаласы әкімінің орынбасары, Түркия дипломаттары, Астана, Анадолы көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2023 12:58

Сурет: gov.kz

"Түркия Республикасының жүз жылдығы қарсаңында ашылған Анадолы көшесі Түркия мен Қазақстан бірлігінің маңызды символына айналады деп санаймын. Мұндай іс-шаралар тек символдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар біздің елдеріміз арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды сақтау және жалғастыру үшін ерекше маңызға ие", – деді Мұстафа Капуджу.

Мұстафа Капуджу президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы көше атауының бастамасы үшін және Астана қаласы әкімдігіне осы мәселеге ерекше назар аударғаны үшін алғыс айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: