Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жаңа көше ашылды

Мажар ақыны, Астана, көше атауы, ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 10:17 Сурет: gov.kz
2023 жылғы 2 қарашада Астанада Мажарстанның халық ақыны Шандор Петөфи атындағы жаңа көше ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көшенің салтанатты ашылу рәсімінде ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан мен Мажарстан ежелден келе жатқан тарихи байланыстарға ие және бұл маңызды бастама мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ жаңа белестерге шығаруға қосымша серпін бергенін атап өтті.

"Атақты мажар ақынының 200 жылдық мерейтойына орай оның есімін елордамыздың көшесіне беру символикалық маңызы бар және достық қарым-қатынастарымызды нығайтуда, сондай-ақ елдеріміз арасындағы мәдени алмасуды дамытуда үлкен рөл атқарады", – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.


Мажар ақыны, Астана, көше атауы, ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 10:17

Сурет: gov.kz

Өз кезегінде Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто Қазақстан Үкіметіне мажар ақынына көрсетілген құрметіне ризашылығын білдірді.

"Бүгін біз қазақ халқының Мажарстанға деген жоғары құрметін көріп отырмыз. Шандор Петёфи еркіндікке деген құштарлығымен танымал данышпан адам болды, бұл еркіндік сезімі сіздерге де тән", – деді мажар министрі.

Көшеге Мажарстан ақынының есімін беру туралы шешімді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Елорданың Есіл ауданындағы көшенің атауы өзгергенге дейін Е-108 сандық атауы болған. 2014 жылдың маусым айында Мажарстан астанасы Будапешт қаласында "Астана" көшесі ашылып, Абай Құнанбаевтың бюсті орнатылды.

Шандор Петөфи – атақты ақын, мәдениет қайраткері және Мажарстанның тәуелсіздігі үшін күрескен белсенділердің бірі. Ол Мажарстанның тәуелсіз демократиялық ел болып қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның шығармалары бүкіл әлемге танымал және көптеген тілдерге аударылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: