ТЖМ Костенко шахтасындағы іздестіру жұмыстарының егжей-тегжейін айтты

Қарағанды шахта, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2023 12:04 Сурет: видео скрині
Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко атындағы шахтада апаттық-құтқару жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қаптановтың айтуынша, Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр.

"Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр.  Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Электр энергиясының жетіспеушілігі, тау-кен жұмыстарының көптігі, жеке су басқан қазбаларға қолжетімділіктің болмауы, көптеген бұзылған механизм мен құрылыстың болуы қиындық туғызып жатыр". Төтенше жағдайлар министрлігі

Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ.

Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: