Жаңалықтар тізбегі
0

Төлем балансы теңгеге қалай әсер етеді?

Төлем балансы теңгеге қалай әсер етеді?, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 13:32 Сурет: pixabay
Сізге "төлем балансы", "сауда балансы" деген сөздер таныс болар. Иә, бұлар – экономикалық термин. Біздің өмірімізде ойнайтын рөлі бар. Мысалы, төлем балансы теңге бағамына тікелей әсер етеді. Соның жолдарын түсіндіріп көрейік.

Төлем балансы деген не? Қысқаша сипаттасақ, төлем балансы – Қазақстан мен басқа елдер арасындағы экономикалық операциялар, яғни ақша ағынының көрсеткіші. Біз басқа елге қанша ақша жібердік, ал басқа елден бізге қанша келді. Осының барлығы белгілі бір уақыт аралығына есептеледі.

Мысалы, айлық баланс, тоқсандық баланс, жылдық баланс деп бөлінген. Осы балансты есептеудің халықаралық әдісі бар. Оны Халықаралық Валюта Қоры бекітіп, жаңалап отырады. Төлем балансының операцияларын мамандар бекітілген әдіс бойынша үш топқа бөліп қарастырады. Олар: ағымдағы шот, капиталмен операциялар шоты және қаржылық шот.

Ағымдағы шот – қазақстандық компаниялар, жеке тұлғалар мен шетелдік компания, не жеке тұлғалар арасындағы тауарлар, қызметтер, бизнестен келген кірістер ағынын көрсетеді. Яғни, егер сіз Instagram-нан немесе AliExpress-тен шет ел тауарына тапсырыс берсеңіз, олар осы ағымдағы шот статистикасына енеді.

Капиталмен операциялар шотына – ірі бизнестегі операциялар, инвестициялар, дивидендтер, яғни өндіріске жатпайтын қаржылық активтермен жасалған операциялар кіреді.

Қаржы шоты – қаржылық активтерді таза сатып алуды және отандық компаниялар мен шетелдік компаниялар арасындағы қарыздың мөлшерін көрсетеді.

Енді басты сұраққа келейік. Төлем балансы теңгеге қалай әсер етеді? Төлем балансының ішіне сауда балансы да кіреді. Сауда балансы – Қазақстанның сыртқа шығарып сатқан тауарларының құны мен еліміз сырттан сатып алған тауарлар құны арасындағы көрсеткіш. Егер біздің экспорттан тапқан ақшамыз импорттан тапқан ақшадан артық болса, онда сауда балансы біз үшін жағымды болады.

Алайда, Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2025 жылдарға қарай төлем балансы профициттен дефицитке ауыса бастамақ. Оның себебі, біздің ішкі өндірісімізді реттеп, қайта өңдеу тауарларын шығара алмай отырғанымызда жатыр. Егер өзіміз тауар шығара алмасақ, онда импорттың үлесі арта түседі.

Ал енді осының теңге бағамына әсері қандай? Экспорттан доллар бізге келеді, оны компаниялар жалақы, салық төлеу үшін биржада теңгеге айырбастайды. Ал импортер компаниялар тиісінше биржадан теңгеге доллар сатып алып, оны сырттан тауар алуға жұмсайды.

Қазақстан қор биржасында теңге бағамы ұсыныс/сұраныс арқылы құрылатындықтан, егер долларға сұраныс көп болса, онда доллар қымбаттап, теңгенің курсы түсіп кетер еді. Жағымды сауда балансы кезінде теңгеге сұраныс көбірек болады да, оның бағамы да жоғары деңгейде болады.

Экономист мамандар сол себепті сауда балансындағы дефицитті "теңгеге жасалған қысым факторы" деп бағалап жатады.

Ұзақмерзімді сараптама жасағанда, мұнай бағасы барреліне 85 доллардан асатын кездерде біздің сауда балансымыз жағымды болатынын байқауға болады. Ал мұнай құны одан түсіп кетсе, бірден экспортымыздың сомалық мөлшері импорттан ұтыла бастайды. Яғни, теңге де "мазасызда

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: