Алматыда ұрлық жасаған азаматтар камераға түсіп қалды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 15:10 Сурет: ҚР ІІМ
Бірінші жағдайда жанармай құю бекеттерінің бірінің әкімшісі арызбен жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз біреу өзін клиент ретінде көрсетіп, жасырын түрде сауда-материалдық құндылықтарын ұрлаған.

Екінші арыз – қоғамдық көліктегі ұялы телефон ұрлығы туралы. 121-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Екі қылмыс та бейнебақылауға түсіп қалған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Текелі қаласының тұрғыны 21 жастағы А. есімді азамат және Алматы қаласының тұрғыны 27 жастағы А. есімді азамат ұсталды.

"Екі күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталғандар өз қылмыстарын мойындады", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: