Жаңалықтар тізбегі
0

Қазанның соңғы күнінде барлық дерлік өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 00:12 Сурет: pxhere
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 қазанда елдің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының орталығында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында, батысында күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Астанада кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда 24-29 м/с.

Алматыда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: