Алматыдан 575 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Сурет: wikimedia
Сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 575 шақырым жерде магнитудасы 4,5 жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі 31 қазанда Алматы уақыты бойынша 00 сағат 12 минут 35 секундта болған. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10.7. Магнитудасы: 4,5. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Бұған дейін 11 қазанда Алматы облысында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 249 шақырым жерде магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript