Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында қаржы бөлінгенімен жол жөнделмеді

Қостанай облысында қаржы бөлінгенімен жол жөнделмеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 15:25 Сурет: Zakon.kz
Миллиондаған қаржы бөлінді, алайда жол жөнделмеді. Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Ахмет ауылына баратын 107 шақырым жолдың сапасы сын көтермейді.

Жауын шашында ми батпаққа айналады. Былтыр соның 30 шақырымына асфальт төселген. Алайда биыл облыс басшылары асфальт салудан бас тартып, 50 шақырымға құм аралас қиыршық тас төгетін болды.

Екі жылға есептелген жобаның құны 1 млдр 205 млн теңге. Биыл соның 712 млн теңгесі игеріліп, 30 шақырым жол тегістелуі тиіс еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Бірақ сол жоспардың өзі жүзеге аспайтын сыңайы бар. Әлі бір метр де жол жөнделген жоқ. Себебі жазда жарияланған тендерге ешкім қатыспапты.

Ал тендерді қазан айында ұтып алған қарағандылық мердігер сөзбұйдаға салып жұмысты әлі бастамай отыр.

"Аржағынан бастап 4 шақырым грейдер көтеру керектұғын биыл олар. Сосын 15 шақырымдай жерді тегістеп тас төсеуі керек еді. Бірақ әлі бастаған жоқ. Олардың келісім шарт жасалған соң 30 күн уақыты бар. Сондықтан сотқа бере алмай отырмыз. Қарашаның басында уақыты бітсе, біз оларды сотқа береміз келісімді бұзу үшін." Айдаралы Талпақов, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: