Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент полицейлері базарда аналарынан адасып қалған екі баланы іздеп тапты

Шымкент полицейлері базарда аналарынан адасып қалған екі баланы іздеп тапты  , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 17:07 Сурет: ҚР ІІМ
Абай аудандық полиция басқармасының "102" арнасы арқылы қала базарларында 6 жастағы ұл мен 4 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аналары сауда жасау кезінде бүлдіршіндерінен көз жазып қалғанын жеткізді.

Учаскелік инспекторлар мен ювеналды полицейлер балалардың фотосуреттерін, сырт келбеті мен киімдерін сипаттайтын бағыттаманы алып, дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.

Жоғалған екі бала да бір сағаттан аз уақыт ішінде табылып, заңды өкілдеріне аман-есен табысталды.

Шымкент қаласы полиция департаменті балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін оларды қараусыз қалдырмау қажет екенін еске салады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: