Шымкентте 85 жастағы әйел өз пәтерінен өлі табылды

Шымкенттік құтқарушылар есігі жабық пәтерден қайтыс болған зейнеткерді тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Володарский көшесіндегі пәтерлердің бірінде 85 жастағы әже қоңырауларға жауап бермеген, есікті ашпаған, деп жазды otyrar.kz.
Туыстары құтқарушыларды шақырып, есікті сындырып, ішке кірді.
Құтқарушылар ішке кірген кезде әйелдің денесін тапты. Ол қайтыс болған екен. Әйелдің денесінен зорлық-зомбылықпен өлгенін білдіретін ешқандай із табылмады.
Өлімнің нақты себебін полиция анықтайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript