Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс Қазақстанда тасымалдаушылар субсидия ала алмай жүр

Шығыс Қазақстанда тасымалдаушылар субсидия ала алмай жүр, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 16:21 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы жолаушылар тасымалдаушы кәсіпкерлерге мемлекеттен берілетін субсидия уақытылы төленбейді.

Жалпы бүгінге дейін жинақталған қарыз 900 миллион теңгеге жеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл заңсыздықты прокуратура қызметкерлелері қалалық жолаушылар көлігі және тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің жұмысына талдау жүргізу кезінде анықтады.

Өскемен қаласы әкімдігі биыл тасымалдаушы 8 компаниямен келісім-шарт жасап, автопарктерге атқарған жұмысының бір бөлігін субсидялау тиіс болатын.

Алайда әкімдік бұл шартты уақытылы орындамай келген. Тек құзырлы органның тексерісінен соң, бірден 700 миллион теңгені төлеген. Қалған қарызды қала әкімдігі кезең-кезеңмен төленетінін хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: