Көрші елдерден ағын су қажетті көлемде беріледі

Көрші елдерден ағын су қажетті көлемде беріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 10:48 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында келесі жылы су тапшылығы туындамайды.

1- ші сәуірге дейін 11,1 текше метрі су келеді. Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан елдерінің жауапты өкілдері тиісті хаттамаға қол қойды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов көрші елдермен тиісті келісімге келді. Ташкентте өткен Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының кезекті жиынында аталған елдер Сырдария және Әмудария өзендерінің бассейндеріндегі су қоймаларының жайын талқылады.

Алдағы екі жылда вегетациялық кезеңде су алу лимиті көрсетілген хаттамаларға қол қойды. Ал "Достық" мемлекетаралық каналы бойынша 487 млн текше метр су алу жоспарланып отыр.

Бұл Түркістан және Қызылорда облыстарында 2024-ші жылдың вегетациялық кезеңіне қажетті су көлемін жинақтауға, сондай-ақ Арал теңізіне 1,6 млрд текше метр су жіберуге мүмкіндік бермек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: