Шавкат Мирзиеев "Түркі әлемінің ең жоғары орденімен" марапатталды

Шавкат Миромонович Мирзиёев «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 15:12 Сурет: akorda.kz
2023 жылы 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке "Түркі әлемінің ең жоғары ордені" табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапатталды" - деп жазылған Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Бұған дейін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде 12 құжатқа қол қойылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: