Астанада улы газды анықтайтын 100 датчик орнатылды
Сурет: freepik
Астанаға қарасты Алматы ауданындағы жеке тұрғын жайларға улы газды анықтайтын 100 датчик орнатылды.
Қауіпсіздік шарасы Төтенше жағдайлар департаментінің "Қауіпсіз отбасы" акциясы аясында өткізілді. 70 шақты маман мыңға жуық үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп жазады qazaqstan.tv.
Олар жылыту пештерін тексеріп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы нұсқама таратты.
Жалпы айналасы 2 жылда Алматы ауданында 35 адам улы газдан зардап шеккен.
"Пеш жағып жүрген адамдар болса, осындай қондырған дұрыс.Алдын ала қауіпсіздік шартын біліп отырасың, пеш жаққаннан кейін. Әртүрлі газ пайда болады. Бейнет аяқ астынан ғой." Серікжан Жұмашев, тұрғын
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript