Ақтөбе полицейлері көліктен аккумулятор ұрлаған азаматты құрықтады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 17:57 Сурет: Zakon.kz
2 карашада белгісіз адам Ақтөбе қаласы Кобозев көшесіндегі үйдің жанында Ваз-2110 автокөлігінің капотын ашып, аккумуляторды жасырын ұрлап кеткен.

Автокөлік иесі кешке көлігін үйдің жанына қойып, таңертең аккумуляторының ұрланғанын бір-ақ білген. 26 жастағы ақтөбелікке келтірілген шығын көлемі 35 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Ұрланған аккумулятор тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: