Астанада күдікті бір тәуліктің ішінде 8 аккумулятор ұрлаған

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 15:38 Фото: Zakon.kz
Бір күнде бірден үш жүк көлігінің иесі полицияға шағым түсірді. Белгілі болғандай, белгісіз біреу қаланың әртүрлі аумақтарында тұрған ауыр жүк көліктерінен алты аккумуляторды ұрлап кеткен.

Көп ұзамай тағы бір ұқсас арыз тіркеліп, жүк көлігінен екі аккумулятордың жоғалғаны анықталды. Полицейлер бұл ұрлықтарды бір ғана адам жасауы мүмкін деп болжап, аккумулятор батареяларын нысанаға алғанын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Ол әр көліктен екі аккумуляторды бұрап алып, таксимен үйіне жеткізіп, кейін метал қабылдау орнына тапсырып үлгергенін мойындады.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 700 мың теңгеден асты. Аталған фактілер бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция соңғы уақытта ұрлық фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты көлік құралдарын дабылқаққыш құрылғыларымен жабдықтап, бейнебақылау камераларымен қамтылған күзетілетін тұрақтарға қоюды ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: