Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада мотоцикл ұрлаған күдікті анықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 13:40 Сурет: ҚР ІІМ
Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу оның аулада тұрған мотоциклін алып кеткені туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы жас жігітті анықтады.

Тергеу барысында оның Ұлы Дала даңғылында кетіп бара жатып, тұрақта тұрған мотоциклді байқағаны белгілі болды.

Қылмыстық пиғылмен көлікке келіп, жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, күдікті Yaqi 49-F1 мотоциклін сүйреп алып кеткен.

Келтірілген шығын сомасы 420 мың теңгеге бағалануда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Жігіттің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: