Астанада жаңбыр, ал Алматы мен Шымкентте жауын болмайды: демалыс күндерінің ауа райы болжамы

Астанада жаңбыр, ал Алматы мен Шымкентте жауын болмайды: демалыс күндерінің ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 18:59 Сурет: Алматы әкімдігі
Синоптиктер 4-7 қараша күндері Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

4 қараша күні көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Кейде тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жел соғады, екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +8+10°С.

5 қараша көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +1+3°С.

6 қараша көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз +1+3°C.

Алматы

4 қараша көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +13+15°С.

5 қараша  көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +14+16°С.

6 қараша көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +9+11°С.

Шымкент

4 қараша аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +19+21°С.

5 қараша көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +18+20°С.

6 қараша көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +18+20°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: