5 қарашада үш мегаполисте ауа лас болады

ауа, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2023 10:07 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер жексенбіде, 5 қарашада Қазақстанның ірі үш қаласындағы ауада зиянды қоспалар шамадан тыс көп болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: